понедельник, 15 сентября 2014 г.

«Әлемдегі бейбітшілік» атты оқушыларға арналған ойын, Қалайша бізді құтқармақ?

Қазіргі уақытта білім жүйесіне үлкен көңіл аудару керек екендігі айдан анық. Болашақ – біздің ұрпақ қолында. Ал балаларға дұрыс тәрбие беру біздің міндетіміз. Уақыт өте келе қарқынды дамып келе жатқан дүниеде, білім жүйесін де дамыту қажеттілігі туындауда. Өкінішке орай, біз ұзаққа артта қалып қалғанбыз. 
"Білім жүйесінің кемшіліктері туралы Киосакидің «Если хочешь быт богатым, Не ходи в школу» атты кітабында жақсы айтылған"

Мақала мектеп мұғалімі Джон Хантер туралы болмақ. Ол өзінің сабағын үйреншікті кітап, дәптерлер көмегімен емес, ойын ретінде өткізеді. Джон ойлап тапқан «Әлемдегі бейбітшілік» деп аталатын ойында: мемлекеттер,  оның экономикалық, экологиялық мәселелері және оны басқаратын президент, министрлер және басқада маңызды тұлғалар, жайттар бар. Ойын мақсаты - берілген 50 әлемдік деңгейдегі мәселені шешу. Ойында ересек адамдар шеше алмайтын кей мәселелер шешімін  8-10 жасар балалар іздейді.  Джонның ойынша бұл балалардың  шешім қабылдау қабілетін,  критикалық және шығармашылық ойлау қабілетін дамытады. 

Толық ақпарат төмендегі TED видеосында:

вторник, 8 июля 2014 г.

БАӘ-гіне саяхат (1): Жалпы шолу және Шарджа әмірлігі

Қазақстан тұрғындары демалыста жер көріп, демалу мақсатында жиі баратын үш елі: Туркей (жылына шамамен 200 000 адам), Біріккен Араб Әмірлігі (30 000-ға жуық) және Тайланд (15000-ға жуық). Бізде көпшілікке қосылып осы жылы демалуға БАӘ бардық. Бірнеше бөлімнен тұратын бұл мақаламда, БАӘ үш әмірлігі, мемлекет артықшылықтары мен кемшіліктері, мәдениеті, БАӘ тұру құны және т.б. қызықты мәліметтерден тұрмақ.


пятница, 2 мая 2014 г.

Ақша жүйесі қажет емес

«Ақша деген не?», «Неге ақша жеткіліксіз?», «неге уақыт өте келе тауар бағасы қымбаттайды? (Инфляция)», «қағаз құндылығы төмен, егер қағаз ақша деп аталса құндылығы бірнешеге артады?» деген, және осыған ұқсас сұрақтарға бүгін жауап іздейміз. Әрине, мен ғылым кандидаты немесе өмір бойы ақшаны зерттеп келе жатқан адам емеспін. Дегенмен, көптеген ақылды ғана емес, дана адамдардың әңгімесінен, бірнеше оқылған кітаптармен ондаған деректі фильмнен кейін, қалыптасқан өзімнің көз қарасымен бөлісемін. Бұл ой маған бірінші түскен жоқ, бұл көз қарасты ұстанатын адамдар аз емес, қайталанатын дүние деп есептесеңізде, оқып шығуға тұрарлық ақпарат.

пятница, 25 апреля 2014 г.

Sissinghurst – Ұлыбританиядағы ең танымал бақтардың бірі


Астана қаласында сәуірдің 23-25 күндер аралығында «Astana Flora Expo» атты көрме өтті. Үш күнде көрмеге қатысып, әр күн сайын өзіме табиғат әлемінің сұлулығын жаңадан аштым. Көрмемен шабыттанған мен, сіздермен Ұлыбританияға барған сапарымда көрген керемет бақ туралы бөліспекшімін. Ол  Sissinghurst бағы.

 

пятница, 18 апреля 2014 г.

Анасының омырауын еміп өскен бала...

Дүниеге ең алғаш шыр етіп келгенде, ең алғашқы азығымыз ана сүті.  Ана сүтінің қасиетін біздің ата-бабаларымыз әу бастан жақсы білген. Сондықтан ананың сүті мол, әрі қою болу үшін бар жағдай жасалынатын. Ана сүтінде нәрестенің болашақта денсаулығы мықты болуына және интеллектуалды жетілуіне қажетті барлық дәрумендер бар. Таңқаларлық жайт, ана сүті нәресте ағзасы жетілуіне қарай құрамы өзгереді. Ол негізгі 3 қадамнан тұрады. Ас қорыту жүйесі дамымаған нәрестеге алғашқы күндері уыз беріледі. Босанған әйелде бұл қадам 4-5 тәулікке созылады. Келесі қадам, сүтке ауысар алдындағы кезеңде сәбиге қажетті су мөлшері көбейеді, бұл 14-15 тәулікке созылады. Соңғы қадамда сүт толыққанды жетіліп, құрамында қажетті май, көмірсу, дәрумендер және басқа да қажетті элементтер болады. 


вторник, 8 апреля 2014 г.

Түтіктерден гүлсауыт тоқу: спираль әдісі

Қолөнерге байланысты алдыңғы сабақта түтіктер дайындауды көрсеткем. Бүгін сол түтіктерден гүлсауыт тоқу әдісімен бөліспекшімін. Гүлге су қажет болғандықтан, біз күнделікті қолданатын кез келген бөтелкені алып, сыртын әшекейлейміз. Түтіктерден қорап, түрлі сауыт, ыдыс аяқ және қиял жететін кез келген зат тоқуға болады (Мен осы түтіктерден жиһаз тоқығанын көрдім). Тоқу түрі және әдістері де сәйкесінше өте көп. Әдістердің бірі – спираль әдісі


Негатив көңілді жеңудің 7 жолы


«Жүйке қайта қалпына келмейді» демекші, біздің көңіл күйіміздің денсаулыққа деген әсері туралы ойланамыз ба? Әрине, ерте ма, кеш па біз ренжиміз, ашуланамыз, күйзелеміз, қырсығамыз немесе көңілсіз күйде боламыз. Бұл өз кезегінде бас ауруына, жүрек ауруына және ерте қартаюға алып келеді. Сондықтан көңілсіз күйге төтеп бере алайық. 


пятница, 4 апреля 2014 г.

Астанадағы өлі көктем

Астанаға көшіп келгелі 10 ай болыпты. Астананың қысын қыстап шығып, көктемді асыға күттім. Бірақ сонау наурыз мейрамына дейін қар аз-аз еріп, көктем деген аты болмаса, астанада сол баяғы қыс. Әңгімем, жанға кішкене болсада жылу өткізіп, алматымды есіме түсірген мына өтірік қызғалдақтар жайлы болмақ.

четверг, 3 апреля 2014 г.

8 жаста бизнес?

8 жасымда 3 сыныпқа барғанымды білемін. Басқа не бітіргенім есімді жоқ. Бүгінгі пост 8 жаста өзінің бизнесін ашқан Мая Пенн жайлы болмақ. 


среда, 2 апреля 2014 г.

Менің жұмысым – менің хоббиім, менің хоббиім – менің жұмысым


«Өмірде бірде-бір күн жұмыс істегің келмесе, өзің қалаған жұмыспен айналыс»  (Выбери себе работу по душе, и тебе не придется работать ни одного дня в своей жизни) деп Конфуций атамыз айтпақшы, біз жан қалаған іспен айналысып жүрміз бе?

четверг, 27 марта 2014 г.

Наурыз мейрамының аяқталуы



Міне, еліміздің басты мерекесі «Наурыз мейрамын» атап өттік.  Осыған орай әр облыс, әр қала, әр аудан бар күшін салып дайындалды десек, өтірік болмас.  Концерттік бағдарлама ұйымдастырып, киіз үйлер тұрғызып, қазақ ұлттық киімін киген адамдар көздің жауын алды.
Шыны керек, біз наурыз мейрамын үйде жанұямен, туыс адамдармен қарсы алып, алаңда өткен мерекелік бағдарламаға қатысып үлгере алмадық. Сондықтан сіздерге мейрам соңы, жиналу барысының суреттерімен бөліспекпін. 


суббота, 22 марта 2014 г.

Наурыздың сәні – Наурыз көже




Наурыз көктемнің бірінші айы. Қыстың суығы кетіп, қар еріп, оянудың, жаңарудың, жылулықтың белгісі. «Наурыз» парсы тілінен аударғанда «нау»-жаңа, «рыз»-күн деген мағынаны білдіреді. Сондықтан наурыз тек жыл басы емес, жаңа күннің басы болып есептеледі. Бұл мерекеде реніш, өкініштің барлығы кешіріліп, жақын адамдар кездесіп, бір-біріне қонаққа барып, тілек білдіріп, дастарханның басында жиналып,  барлығы мәз-мейрам болады. Ал дастарханның басты тамағы – наурыз көже.

 
Сурет интернет торынан алынды

среда, 12 марта 2014 г.

Ашық киінуден гөрі, сымбатты киінейік


Әр адамның өзінің ойына құқығы бар. Бұл мақаланы жаза отырып, мен өзімнің ойыммен бөліскім келгенін ескерте кетемін. Ренжіту, кемсіту мақсатым жоқ.
«Қызға қырық жерден тыйым» демекші, қыздарымыздың қазіргі кездегі киіну үлгісі туралы айтқым келеді. Жақында таң ертең жұмысқа барар алдында аялдамадан өтіп бара жатып, қақаған таңның суығында (астанада ауа-райы өтеееее суық) жұқа «колготки»,  қысқа тон киіп тұрған қызды көріп, 7 қабат киінген өзім мұздап кеттім. Қазір ойлап қарасам, өзінің денсаулығын, тәрбиесін, ата-ананың намысын елемей, бірінші орынға сәнді көрінуін маңызды деп тапқан. 



понедельник, 3 марта 2014 г.

Уақытты бағалай білейік



Өмірдегі ең маңызды, ең бағалы, ең қымбат ресурс – УАҚЫТ.

Жұмыстағы ұжым жасың нешеде деп сұрағанда, 22-де екенімді біліп, «Оо, әлі бүкіл өмірің алда екен ғой» деп жауап қайтаратын.  Маған байланысты ғана емес, адамдар өзіне байланысты «өмірім әлі алда, кейін істеймін» деп айтқан үлкен қателік. Менің ойымды, келесі сурет ашық көрсетеді.


среда, 26 февраля 2014 г.

Қорап тоқуға қажет түтіктер дайындаймыз



Кіші кезімнен бастап қолөнерге қатты қызығамын. Мектеп кезінде еңбек сабағында, «жас натуралисттер» тобында қалдықтан керемет дүниелер жасайтынбыз. Сонау оқушы кезінде ұмыт болған сезімімді, астанадағы әпкем Асыл, қайта оятты. Үйінде орындықтардың тысы, кейбір киімдер, кішкене көрпешелер барлығы тоқылған. Енді тоқылған қорапты көргенде, қораптың қағаздан жасалғанына көзім сенбеді. Қорапты жұмсақ, суға төтеп бере алмайтын нәзік қағаздан жасау мүмкін емес секілді көрінді. Сосын әпкемнің бір-екі сабағынан кейін менде қорап тоқуға құштарлығым күннен күнге тек қана өсті. Бүгінгі мақаламда, мен сіздерге қорап тоқуды ең басынан үйретемін. Алдымен бізге қағаздан жасалған түтіктер қажет. 
Менің алғашқы жұмыстарым

понедельник, 17 февраля 2014 г.

Қазақ елін, қазақ тілін, қазақ сайттарын қолдайық!

Қазақ тіліндегі біршама сайттарды қарастырып шықтым, тіл мәселесі және басқа іріңдеп жатқан мәселелер туралы пікірлер қозғалып жатыр.  Ояу қазақтар жоқ емес, бар, баршылық!
Өкініштісі, көзі ашық, ойы тәуелсіз сол бірнеше мың қазақ қана сол сайттар арасында жүріп пікірлерімен бөлісіп жатады. Менің ойымша келесі қадам, осы қатардағы адамдар санын көбейту. Елімізде шын болып жатқан істермен бөлісу.  Қазақ елін, қазақ тілін, қазақ сайттарын қолдайық! 


 Өзіңіз білетін қазақ тіліндегі сайттардың сілтемелерімен бөлісейік.

пятница, 14 февраля 2014 г.

- Сен қайдасың? -Осындамын. - Сен қай уақыттасың? –қазіргі уақытта. Сен кімсің? ...


Әлеуметтік жүйелерде жаңалықтар оқу барысында, осындай қызық, қысқа нақыл сөз оқыдым:
«Америкадағы аэропорттардың бірінде,  журналист «Сіздің ойыңызша,  бұл өмірде ең жеркенішті не болып табылады?» деген сұраққа сауалнама жүргізген. Адамдар соғыс, аштық, аурулар, сатып кету және т.б.  әр түрлі жауап қайтарған. Сол бөлмеде отырған монах Сунг Санға келіп, осы сұрақты қойғанда, монах оған қайшы сұрақ қояды:
Сен кімсің?
Мен, Джон Смитпін.
Жоқ, бұл сенің есімің, сен кімсің?
Мен журналистпін.
Жоқ, бұл сенің мамандығың, сен кімсің?  
Мен адаммын!
Жоқ, бұл сенің биологиялық түрің, сен кімсің?
Журналист ешбір жауап таба алмай, таң болып қалады. Сонда монах:
 Өзіңнің кім екеніңді білмеу, өмірдегі ең жеркенішті зат, - деп жауап қайтарыпты»


воскресенье, 9 февраля 2014 г.

Қазақ ЕЛІ жасасын! Керемет жаңалық!

Еліміздің ҚАЗАҚ ЕЛІ атануы туралы жаңалық естігенде, өте қуанышты сезімге бөлендім. Қуанышым қойныма симай, туыс-жарандармен достармен хабармен бөлісуге асықтым. Енді жартысы қуанышыма ортақтасса, енді екінші жартысы еліміздің «Қазақстан» болып қалуын қалайды. Содан еліміздің «Қазақ Елі» болып атану керек екенінің бірнеше себебін атап айтқым келеді.





пятница, 31 января 2014 г.

"Ақымақтық Абайды да сабатқан..." немесе Оралхан Бөкейдің шығармашылығына пікірім


Қазіргі кезде техналогиялар тез дамып, бір кішкентай планшеттің өзіне жүздеген, керек болса мыңдаған кітапты жүктеп алып оқи беруге болады. Барлығы да оңай, жеңіл, ыңғайлы. Өзімде планшетке біршама, оқимын-ау деген кітаптарды жүктеп,  кейде іс-шаралармен сыртта күту процесі басталғанда ашып оқимын. Барлық жағдай қарастырылған, бетті сақтайсың ба, ұнаған абзацты көшіріп, әлеуметтік желімен бөлісесің ба, барлығы-барлығы бар. 

Бірақ, мен кітаптың өзін жақсы көремін, бала кезімдегідей, қолыңа кітапты алып, әр оқыған бетті беттей берген сайын, «иа, соңына жетіп қалдым, қазір-қазір бітіруге аз қалды» - дегенде, ішіңе бақытты сезім ұялайды. Жаңа кітаптың иісі ше? Керемет!

четверг, 23 января 2014 г.

Алғашқы қадам



Өмір деген не деген қызық. Ойламаған жерден сыйлық, ойламаған жерден шалып жібереді, кейде еш уақыт тұмсығымды сұқпаймын деген жерге, толығымен батып кетесің. Барлығы өз басымнан кешіп тұр ғой. Соны сіздермен бөліспек ойға келдім. Бұл кішігірім мақаланы жазбас бұрын, өзімнің жазба құштарлығымды қай салаға бұрарымды көп ойлап, бағытымды бірнеше дүркін ауыстырып та үлгердім. Басында не саясат не билік туралы, не адамдарды қорғау, құқықтарын қорғау, табиғат мәселесі тағысын тағы зерттеймін деп ойладым. Сөйтіп ойға батып кеткенде, жұмыс барысы бойынша қыз жақында жанұя құрғанымды біліп, «ерте үйленіпсің ғой» деген сөзі бірден тұманда отқан басыма, айдан анық ой түйіндеді. Бір шетінен қазір таң болатын заман емес қой. 21 жас түгілі 16-17 жаста үйленіп жатқандар да көп. Дегенмен, сұрақ қойып, ойымды өзгерткісі келген, көбінесе қазақ қыздарының заманауи стильде өмір сүріп, ең негізгі бақыт «жанұя» екенін ұмытып бара жатқан секілді көрінеді. Әрине, маған қарап сіздер «өмірді не көргенің бар, не үйретіп айтпақшысың» деп те ойлап отырған шығарсыздар. Менің мақсатым біреуді үйретіп, не болғанда өзгерту емес, өзімнің көзқарасыммен бөлісу. Оны қабылдайсыз ба, қабылдамайсыз ба өз еркіңіз. Сөйтіп, «ойдағы іс басталды-ау» деп, бірінші қысқаша мақаламды аяқтадым.