пятница, 14 февраля 2014 г.

- Сен қайдасың? -Осындамын. - Сен қай уақыттасың? –қазіргі уақытта. Сен кімсің? ...


Әлеуметтік жүйелерде жаңалықтар оқу барысында, осындай қызық, қысқа нақыл сөз оқыдым:
«Америкадағы аэропорттардың бірінде,  журналист «Сіздің ойыңызша,  бұл өмірде ең жеркенішті не болып табылады?» деген сұраққа сауалнама жүргізген. Адамдар соғыс, аштық, аурулар, сатып кету және т.б.  әр түрлі жауап қайтарған. Сол бөлмеде отырған монах Сунг Санға келіп, осы сұрақты қойғанда, монах оған қайшы сұрақ қояды:
Сен кімсің?
Мен, Джон Смитпін.
Жоқ, бұл сенің есімің, сен кімсің?
Мен журналистпін.
Жоқ, бұл сенің мамандығың, сен кімсің?  
Мен адаммын!
Жоқ, бұл сенің биологиялық түрің, сен кімсің?
Журналист ешбір жауап таба алмай, таң болып қалады. Сонда монах:
 Өзіңнің кім екеніңді білмеу, өмірдегі ең жеркенішті зат, - деп жауап қайтарыпты»






Осы сөздерді оқыған соң, менде біраз ойға кетіп қалдым. Шынымен, «мен кіммін? менің құндылықтарым қандай? мен болашақтан не күтемін?» деген секілді бірнеше сұраққа жауап іздедім. Ары ойланып, бері ойланып, қанағаттанатындай жауап таппадым.

Кеше жолдасым ұсыныс жасаған Виктор Сальваның 2006 жылғы «Мирный воин» атты фильмін көрдім. Керемет! Кейбір фильмдерден кейін бірнеше сағат басқа әлемде болғандай сезім болады, осы бейнефильмнен кейін мен әлі сондай күйдемін десем болады. Ал ең бастысы мен жоғарыдағы сұраққа жауап таптым. 


– Сен қайдасың?
– Осындамын.
– Сен қай уақыттасың?
– Қазіргі уақытта.
– Сен кімсің?
– мен – дәл осы сәтпін!

Мен – дәл осы сәтпін!
Шыны керек, көптеген адам, өзінің күнделікті тіршілігімен, дәл қазір өмір сүріп жатқанын, өмірдің рахатына бөлінуді ұмыт қалдырады. Мысалға, сіз қашан соңғы рет аш болмау үшін тамақ ішпей, құр тамақтың дәмін сезінуге жедіңіз, суды тек шөлді қандырмай, судан рахат алдыңыз? Иа, судың дәмі бар, дүниедегі ең тәтті де, дәмді су.
(Ммм, су ішкім келіп кетті ғой :))


Дәл қазір барлығын тоқтатып, айналаңызға зер салыңызшы. Жұмыста болсаңыз, қасыңыздағы қызметкерлерге көңіл бөліңіз. Жұмыс іздеп жүрген адамдар  қатарына жатпай, жұмыс атқарып жатқаныңыз туралы ойлаңыз. Істеп жатқан ісіңізден рахат алуға талпыныңыз. Жұмыстан шығып кету ойыңыздан айрылдыңыз ба? )))

Үйде болсаңыз, терезеден аулада асығып кетіп бара жатқан, не әңгімелесіп жатқан адамдарға көңіл бөліп қарап көріңіз. Кейін баспанаңыз болғанына алғыс білдіріңіз.

Егер де не жұмыс болмай, не баспанаға жете алмай жүрсеңіз, интернет парағын ашып, менің блогым секілді беттерді ашып оқу мүмкіндігі үшін алғыс білдіріп, бір сәт болса да, қуанышты сезімге бөлініңіз. ;)

Алғыс айта білу өте маңызды. Ауызша айту, жанындағы адамдарға айту міндетті емес. Мысалға, мен таң ертең тұрғанда, не кешке ұйқтар алдында, ішімнен, «менің денім сау болғанына рахмет,әрқашан жанымда болатын жарым үшін рахмет, менің жақын адамдарымда барлығы дұрыс болғанына рахмет, жылы үйде тұру мүмкіндігіне рахмет және т.с.с» өзімнің алғысымды білдірем. Мені есі дұрыс емес деп те ойлап отырған шығарсыз))

Бәрі бір, ары қарай менің мақаламды оқып жатқаныңызға рахмет. Менің айтқым келгені,  әр сәт сайын, бақытты сезімді сақтап отыру өте маңызды,  ол үшін жоғарыда айтқандай алғыс айта білу керек.   

Уақытты бағалай біліңіз, әр секунд қайталанбайды. Сіздердің бақытты болуыңызды тілеймін.

Бейнефильмде ұнаған басқа нақыл сөздер: 

Мен барлығын қажеттілік деп қабылдадым, бар затымды бағаламаппын.

Жақсы көретін ісіңнен бет бұрма, батыр өзінің ісінен махаббат сезімін табады.

Өлім қорқынышты емес, көптеген адам сол күйі өмір сүрмейтіні өкінішті.

Мақсаттың өзі емес, мақсатқа жету барысы қызық.

 

Комментариев нет:

Отправить комментарий