Еліміздің ҚАЗАҚ ЕЛІ атануы
туралы жаңалық естігенде, өте қуанышты сезімге бөлендім. Қуанышым қойныма
симай, туыс-жарандармен достармен хабармен бөлісуге асықтым. Енді жартысы
қуанышыма ортақтасса, енді екінші жартысы еліміздің «Қазақстан» болып қалуын
қалайды. Содан еліміздің «Қазақ Елі» болып атану керек екенінің бірнеше себебін
атап айтқым келеді.
Бастысы, тарихта сонау еліміздің құрылуынан бастап біз Қазақ Еліміз. «-стан»
жалғауы, тегімізге жалғанған «-овтар» және «-евалар» секілді қыстырма болып
келеді. Кім және қашан енгізілгеніне тоқталмаймын, оны барлығымыз айдан анық білеміз. Ал " станнан" айырылу бұл
"постсоветское" құлдық
психологиядан құтылуымыздың тағы бір
жолы.
Басқа басты мәселе, «Қазақстан» атты елімізде қазақтар және басқа ұлтты
қазақстандықтар бар. Сонда басқа ұлттың өкілдері біздің жерімізге келіп,
өздерін «қазақстандық» атап, біздің ата-бабамыздан қалған байлықтарымызға тең
дәрежеде құқықтары бар екенін сайрайды. Мен ешкімді кемсіту ойымда жоқ. Менің
түсінігімде, кез келген мемлекет өзінің ұлтына барлық жағдайды жасауға
ұмтылады. Ал бізде ұлттың екі түрлі атауы бар.
Сонымен қатар, әлеуметтік желілердегі кей пікірлерде ««Қазақ Елінің» орнына
басқа атау ойлап табайық, орыс тіліне аудару қиынға соғады» -деген, тағысын
тағы пікірлер жазылып жатыр. Қазақпыз ғой, әрқашан басқаның жағдайын ойлап
миымызды қатырып жатамыз. Айтарым, еш нарсені ойлап, жанды қинаудың түк қажеті
жоқ. Мысалға, француздар өз астанасын «Пари» дейді, олар орыстар бізді «Париж»
деп атапты деп қиналып жатқаны жоқ. Әр ел, өзінің фонетикасына, дауыс ырғағына
байланысты атауларды өздері қояды. «Казахия» деп ұсынып жатқан пікірлерге де
қарсы шығам, «-ия» деген жұрнақ та бізге қыстырма болады. Біз орыс тіліне ұқсап
«Франция», «Германия», «Англия» деп
жатамыз, ал ағылшын тілінде «France», «Germany», «England». Соңынан «Қазақ Елі» атауы басқа
елдерге түсініксіз болып келеді десеңіз, түркі тілдес Якутия ел атауын «Саха
елі» деп ауыстырған. Содан Ел деп атанудан біз бірінші емеспіз...
Комментариев нет:
Отправить комментарий