Мен туралы




Құрметті блог оқырманы!
Менің блогыма қызығушылық білдіргеніңізге ҮЛКЕН рахмет)

Мен Құлжабай Назерке. Жақында 22-ге толдым. (Аааааааааааа, 22?????)



Менің блогым – менің өмірге деген көзқарасым, қыздарға өсиет, кішкене психология, қол өнер және әр түрлі басқа тақырыптар туралы.  
Қатеге жеңіл қараймын, сондықтан блогымда қателер жиі кездесіп тұруы мүмкін ;)

Өзім туралы барлық болмасада, кейбір мәліметтерді жазуды жөн көріп отырмын.

Мен қазақи, қазақ әдет-ғұрыптарын, дәстүрлерін құрметтейтін өте арлы, ыстық жанұяда туып, өстім. Көп балалы, тату жанұямыз.
Фото суретте менің туған ағайындарым: Назым, Арай, Мәди, Мағжан, Шәкәрім, Абай, Еділ, Құдайберді  2010 жыл

Әкем өте ақылды, патриот адам. Анам көңілді, өте мейірімді жан (кейінірек, мен ата-анам туралы бөлек мақала жазамын). Ағайындар ішінде ұлдар көп болғандықтан ба, мінездерім кейде ұл секілді. Аға інілерім арасында  қызға тән нәзіктікті ұмыт қалдырып, талай дүркін қызықтарға  түскен жайттарда аз емес :)


Кіші кезімнен суретші болуды армандайтынмын. Бірақ әкем 7-сыныпта физ-мат мектебіне берді. Сол кездері бірнеше жыл әкеме өкпелеп те жүрдім. Дегенмен, қазір әкем ақылын тыңдағаныма дән ризамын. Мектепте оқып жүріп көптеген физика пәнінен олимпиадаларға қатысып, жүлделі орын алғам. Республикалық пән аралық олимпиадада 10 сыныпта Павлодар қаласына, 11 сыныпта Ақтау қаласына барғам. 


4-ші Халықаралық Жәутіков олипиадасы
Ақтау, 2009 жыл
Сонымен қатар, әкемнің әпкесінің (маған тате) қарауында жұмыста істегем. Татем Қазақ елінде көгалдандыру мәселесін қазақ тілінде зерттеп, «Гүлстан» атты журнал шығарып, көгалдандыруды насихаттаған ең алғаш адам. Табиғатты қорғау, экология мәселелерін жан-жақты зерттеп, көптеген еңбек істеп, әлі де өз жолынан таймай, игі істермен айналасуда. Татемнің қасында жүріп, менде осы салаға байланысты білімімді біршама жоғарылаттым.  
 
Қателеспесем 2007 жыл)
Оған қоса, татем «нағыз қазақ – қазақ емес, нағыз қазақ - домбыра» деп, туыс балаларды жинап, домбыра үйретіп, «Алтын-емель» атты оркестр құрған.  Кейін біз түрлі тойларда, жиналыстарда күй орындап беретінбіз.

Тойда, жыл есімде жоқ)

2009 жылы мектеп бітіріп, ҚазҰУ-дың механика-математика факультетіне грантқа түстім. Универде Қазақ жерінің әр ауданынан келген студент балалармен танысып, көптеген достарымды таптым))).
 
15.12.11 СБД емтиханнан кейінгі көрініс
Оқу барысында бірнеше әлеуметтік топтар ұйымдастырып, өзімше «активист» сымақ болғам. Сол орайда болашақ жарыммен кездесіп, университет бітіргенге 1-2 ай қалғанда үйленіп, жанұя құрдық. Күйеуімнің жұмыс орны астана болғандықтан, дипломымды алып астанаға көштім. Қазір екеуміз бірге жұмыс атқарып, болашаққа үлкен мақсаттар құрудамыз.
Қыз ұзату, 2013 жыл

 Уақыт бөліп, оқығаныңызға рахмет))
Назерке

2 комментария:

  1. Жарайсың! Алға қойған мақсаттарыңа сүрінбестей жете бер! Алла тағала жәрдемшің болсын!
    Тек грамматикалық қателіктер бар, көш жүре түзеледі дегендей, кейін ескере жатарсың!
    Мен саған тек алға деймін!

    ОтветитьУдалить
    Ответы
    1. Рахмет!! Болашақта қазақ тілін қорламай, қатесіз жазуға тырысамын)

      Удалить