Әр адамның өзінің ойына құқығы бар. Бұл мақаланы жаза отырып, мен өзімнің
ойыммен бөліскім келгенін ескерте кетемін. Ренжіту, кемсіту мақсатым жоқ.
«Қызға қырық
жерден тыйым» демекші, қыздарымыздың қазіргі кездегі киіну үлгісі туралы айтқым
келеді. Жақында таң ертең жұмысқа барар алдында аялдамадан өтіп бара жатып,
қақаған таңның суығында (астанада ауа-райы өтеееее суық) жұқа «колготки», қысқа тон киіп тұрған қызды көріп, 7 қабат
киінген өзім мұздап кеттім. Қазір ойлап қарасам, өзінің денсаулығын, тәрбиесін,
ата-ананың намысын елемей, бірінші орынға сәнді көрінуін маңызды деп тапқан.
Тек салт-дәстүр,
діни тұрғыдан емес, басқа да тұрғыдан жабық киіну керек екенін төменде атап
өтейін.
Ең біріншіден
денсаулық!
Жазы бір бөлек,
қыста бас киімсіз жұқа киінген –
денсаулыққа зиян. Дүниеге қыз болып келгендіктен, біздің парызымыз ұрпақ
жалғастыру. Бұл мәселеге жеңіл желпі қарамай, сонау бала кезден бастап дайындалып,
дені сау сәби табу үшін, өзіміздің денсаулығымызды күтуге міндеттіміз. Сәннің
артынан қумай, жылы киініп жүру керек. Жас кезімізде әсері білінбегенімен, жылдар
өтіп орта жаста өкінеміз. Суық сүйектен өтіп, кейін өмір бойы дәрігерлер
арасында жүгіртеді.
«Қазақта екі ауру ғана бар, біреуі суық тиді, екіншісі көз тиді» демекші суық туралы айтсақ, енді көз тиу мәселесін қозғайық. Негізінен өзім бұндай ұғымдардан алшақпын, мүлдем сенбеймін десе де болады. Дегенмен, жазсам артық болмас. Кезінде, «кіндігін ашып киінген қыз балалар, қоршаған ортаның назарын өзіне аударып, сол адамдардың жаман энергиясын кіндік арқылы ішіне жинайды екен» - деген мақала оқығам.
Екіншіден ар-намыс,
ұят!
Кез келген іс,
қылық, қимыл (көбінесе жаман қылықтар) болашақта көлеңкең секілді арылмай
қояды. Денені ашық жариялап көрсетер алдында, болашақта ана боламын ғой, бала
ма қандай тәрбие беремін, әже боламын-ау деген ойлар туындау керек. Оған қоса,
ата-ананың атына, тәрбиесіне кір келтірмеуді ойлаған дұрыс.
Өзің туралы басқа
ой қалыптастыру немесе өзің-өзіңе қайшы болу
Біз әдемі де
сымбатты болып көрінгіміз келеді. Әдемі боламыз деп, көп жағдайда сымбатымыздан
айырылып жатамыз. Ішкі жан дүниені көрсетуден бұрын, сыртқы қабатты паш етуге
дайын болып тұрады. Адаммен танысу, сөйлесу барысында бірінші құрметке ие
болуға тырысу керек. Ал егер әлемге тәнін көрсеткеннен кейін, құрмет
туралы қандай сөз қозғауға болады? Ашық
киіну, өзінің қол жетімді екенін көрсету.
Кейде өзінің
сұлулығына күмәні бар, жігіттердің көңілі жетпейтін қыздар ашық киінеді. Дене
бөлігін ашып, өзіне көңіл аударғысы келеді. Ал егер жігітіңіздің өзі, сізді
ашық жүруіңізді сұраса, онда сол жігітпен болашақ құруды мүлдем ұмыту керек. Қыздың
ашық киінгенін қалаған жігіт – арсыз, жігерсіз, дінсіз болып келеді.
Орыс тілді және ұятсыздау келген суретті қойғаным үшін кешірім сұраймын |
Жігіттерден
сұрайтыным «сұраныс барысынан ұсыныс туындайды», сондықтан ашық киінген
қыздарды мадақтамай, қыздардан ашық киінуін талап етпей, жабық киінуін сұраңыз.
Суреттер интернеттен алынған.
Суреттер интернеттен алынған.
Орынды айтылған. Қолдаймын!!!
ОтветитьУдалитьРахмет )) Біздей қазақ қыздары көбейе берсін!
УдалитьЕлдің бәрі өзіңдей ойласа ғой шіркін!
ОтветитьУдалитьАға, түбінде мақсатымызға жетеміз.
Удалить