Өмірдегі ең маңызды, ең
бағалы, ең қымбат ресурс – УАҚЫТ.
Жұмыстағы ұжым жасың нешеде
деп сұрағанда, 22-де екенімді біліп, «Оо, әлі бүкіл өмірің алда екен ғой» деп
жауап қайтаратын. Маған байланысты ғана
емес, адамдар өзіне байланысты «өмірім әлі алда, кейін істеймін» деп айтқан
үлкен қателік. Менің ойымды, келесі сурет ашық көрсетеді.
Келесі ақпарат уақытты
бағалай білуге көмектеседі деген үміттемін. 2012 жылғы мәлімет бойынша, елімізде
орташа өмір сүру ұзақтығы ер адамда 65 жыл, әйел адамда 75 жыл құрайды екен. Біз
ешкімді ренжітпей 90 жыл өмір сүреміз деп есептейік. Бір жылда 365 күн бар,
яғни 365-ті 90-ға көбейтсек, біз 32850 күн өмір сүреді екенбіз. Енді бір күнде
24 сағат бар, деніміз сау болу үшін біз 8 сағат ұқтаймыз, яғни өміріміздің
3-тен 1 бөлігін ұйқтауға жібереміз. Сонда 90 жылдың 30 жылын ұйқтаймыз, бізде 21900
күн қалды. Енді осыдан алғаш 4 жылмен, соңғы 6 жыл бізге көмек қажет деп
есептесек, бізде 18250 күн қалады. Енді 10 жылды бос уақытқа бөлейік, аяғында
14600 күн қалды, ол шамамен 2085 апта. Осыдан
біздің қарамағымызда бар 2085 аптаны тиімді пайдаланып, өміріміздің мәнді де
мағыналы өтуіне ықпал етуіміз керек.
Сіз тамақ дайындағанда, не жұмысқа
барар жолда, теледидар қарағанда кез келген істе уақыт өтіп жатыр. Басқалар
шешім қабылдап, алға жылжып жатқанда, сізде шешім қабылдауға қорықпай, іспен
айналысыңыз. Өмір сүріңіз. Уақыт қайтып оралмайды. Кейінге қалдырмау керек.
Бірнеше істерді үйлестіре біліп, әр нәрсенің икемін табу маңызды. Ойымды
жеткізу үшін, өз өмірімнен бір мысал келтірейін. Кіші кезімізнен бастап жұмыс
істеуге үйреткен Гөзел татем, оқуға түскенде: «сен оқу бітірген соң, саған
дайын тұрған жұмыс жоқ. Қазірден бастап оқумен бірге жұмыс жасай біл. Сонда сен
оқу бітіргенде, сенен таптыртпайтын маман шығады. Әр секунд оқы, жұмыс істе,
алдыға ұмтыл» -деген сөздері алтындай бағалы. Шынменде, көптеген студенттер оқу
бітіргенімен тағы бірнеше жыл жұмыс іздеп жүреді. Біз өзіміздің бағалы
уақытымызды іздеуде өткізбеу керекпіз.
Бізге өмір сүруге бөлінген
уақыт тым аз. Біз қалаған істерді кейінге қалдыру мүмкіндігіміз жоқ. Қазірден
бастап іспен айналысып, әр минутымызды, әр секундымызды бағалай білейік.
Осы тақырыпқа байланысты басқа мақалалар:
Комментариев нет:
Отправить комментарий