четверг, 27 марта 2014 г.

Наурыз мейрамының аяқталуы



Міне, еліміздің басты мерекесі «Наурыз мейрамын» атап өттік.  Осыған орай әр облыс, әр қала, әр аудан бар күшін салып дайындалды десек, өтірік болмас.  Концерттік бағдарлама ұйымдастырып, киіз үйлер тұрғызып, қазақ ұлттық киімін киген адамдар көздің жауын алды.
Шыны керек, біз наурыз мейрамын үйде жанұямен, туыс адамдармен қарсы алып, алаңда өткен мерекелік бағдарламаға қатысып үлгере алмадық. Сондықтан сіздерге мейрам соңы, жиналу барысының суреттерімен бөліспекпін. 




Ұлыстың ұлы күні 21-23 наурыз аралығында тойланады. Қалада 21 күні тойлап басталғанымен, 22 наурызда сағат 19:00-ге таман барлығын жиыстыра бастады. Жалпы «Қазақ елі» монументінің алдына 40 киіз үй құрылыпты. 




 Сонымен қатар, ұлттық ыдыс-аяқ, бұйымдар көрмесіне арналған суреттегідей бірнеше шатыр көтерілген.


Көптеген мақалада киіз үй құру туралы жазса, мен жинау барысын көрсетейін ))





 Ауа-райы тез суыта бастағандықтан, біз дәл осы киіз үйді жинауда соңына дейін қалмадық (астана сууууық). Жұмыс атқарып жатқан кісінің ақпараты бойынша, бір киіз үйді тұрғызуға 3-4 сағат кетсе, жинауға 1-2 сағат кетеді екен. 

Киіз үйге кететін уық санын ешкім нақты айта алмады. Шаңырақтағы уыққа арналған тесік саны 130. Бірақ оның барлығын уықпен біріктіреді ма? 




Маған керегенің жиналғандағы нұсқасы қатты ұнады)))


Кейін он шақты ауыр көлік түрлері келіп жиналған заттарды тие бастады.



 Осындай суреттерден кейін, ата бабаларымыз қысын қыстауда, жазын жайлауда өткізуге, дүниелерімен қалай көшкен деген ойда туындайды. Қазақ халқы ең дана, ең көсем, ең мықты екеніне күмәнім жоқ. 

Ұлыс оң болсын!
Ақ мол болсын, ағайын!



2 комментария: