«Өмірде бірде-бір күн жұмыс
істегің келмесе, өзің қалаған жұмыспен айналыс»
(Выбери себе работу по душе, и тебе не придется работать ни одного дня в своей жизни) деп Конфуций атамыз айтпақшы, біз
жан қалаған іспен айналысып жүрміз бе?
Жұмысын жек көріп, сатып
алушыларға дауыс көтеріп, бірақ жұмысынан шықпайтын базардағы орта жастағы
адамдарды жиі кездестіруге болады. Былай қарасаң парадокс, жұмыс ұнамайды ма,
басқа жұмысқа ауыс. Әрине, қазір жұмыссыздық көп, бар тапқан жұмыспен айналысып
жүр ғой деп жауап қайтаруыңыз мүмкін. Ал басқа салада адасып жүрген жастарымыз
ше? Қазір 70 пайыз оқу бітірген жастарымыз өз мамандығымен жұмыс жасамайды.
Алыс бармай, оған өзім мысалмын(қазір біраз ақыл жинадым :)). Алтын уақытты,
бар күшін ұнамайтын салаға жұмсамай, неге өз жолымызды қумасқа?
Қоғамда ұнаған жұмысы үшін, ақы
алған бір түрлі сезіледі. Жұмыс міндетті түрде ауыр, қиын және ұнамайтын болуы
керек деген түсінік қалыптасып кеткен. Қазір заман басқа, мықты маман болу
үшін, өзің қалаған жұмыспен айналысу керек. Мен хоббиді жұмысқа айналдыру үшін,
алдымызда кездесетін тосқауылдардан өту жолдарын атап өтейін.
Интернеттен алынды |
Барымен
бары немесе өзгеріс үрейі...
«Жаңа салаға барып түксіз
қалғаннан гөрі, тексерілген өзімнің жұмысымда қала берейін» -деген үрей,
қорқыныш. Әрине егер өзіңізді сыйламай, өмір бойы ұнамайтын іспен айналыссам
десеңіз өз таңдауыңыз. Бірақ, өміріңіздің қалған уақытын бақытты өткізуге
тырысып, талпынып тәуекел етсеңіз, нәтижесінде үлкен сыйлыққа ие боласыз.
Егер
маған ұнамаса...
«Егер, мен хобби санаған салаға
ауысып, одан да көңілім қалса» -деген үреніштің болуы. Еш нәрсе етпейді.
Басқа ұнаған саланы тауып соған ауысыңыз, сіз бір орында өсіп тұрған ағаш
емессіз ғой! Өз тәжіриебеммен бөліссем, мен кіші кезімде суретші болғым келіп,
күнделікті сурет салатынмын. Кейін әкем физмат мектебіне берген соң математиканы
сүйіп, универге технология жағынан түстім. Енді 4 жыл оқу барысында менің
қалауым сан рет ауысып, түрлі салада жұмыс атқарып көрдім. Барлық мүмкін
жағдайларды қарастырып болып, қазір мен психология саласына қатты қызығып
жүрмін. Енді психология маманы болып, мықты мұғалім, коуч атанғым келеді.
Айтқым келгені, сол саланы
көрмей, сіз оның қаншалықты жанға жайлы екенін сезіп біле алмайсыз. Жаңа салаға
барып, көңіліңіз толмаса, өзіңізді басқа жақтардан іздеңіз. Сіз өз қалаған
іспен айналысуға лайықсыз! Тек қана алға! Айтпақтай УАҚЫТ ресурсының қымбат
екені туралы да есіңізден шығармаңыз.
Қалай
күн көрем? ...
Хобби – ұнаған іспен айналысу,
уақытты жағымды өткізу деген мағынаны білдіреді. Бірақ хоббиді жұмысқа
айналдыру барысы оңайға соқпауы мүмкін. Өйткені құр ұнаған іспен айналысу
жеткіліксіз. Сіз осы іс арқылы табыс көзін алу жолдарын іздеу қажет. Мысалы,
сіз фото түсіргенді, шығарма жазуды, жер көргенді немесе тағысын тағы жақсы
көресіз. Нақты фото түсірем десеңіз, тойды суретке түсіру, фотосуреттерді газет
журналдарға арнап түсіру, не фото түсіру сабағын ұйымдастыруыңызға болады. Мемлекет
аралап, жер көремін десеңіз турфирмада, мемлекеттер туралы блог жүргізуге, жолаушыларға арналған сервис құруға болады.
Бастысы ұнаған ісіңізге
байланысты барлық мүмкін және мүмкін емес жағдайларды қарастырып, арманыңызды
шындыққа айналдырыңыз.
Тәртіп,
тәртіп тағы да тәртіп...
Көбіне ұнаған іспен біз анда
санда, уақытымыз болғанда айналысамыз. Сондықтан басымызда жүрген ойды бір ай,
екі ай, жарты жыл немесе жылдар бойы ойлап, созып, соңында нәтижеге жеткенде ойымыз
ескіріп те кетеді. Сондықтан алдыңызға мақсат қойып, өзіңізге міндет жүктеңіз.
Қоршаған
орта мені қалай қабылдайды?
«Менің сүйікті ісіме,
туысқандарым, достарым, таныстарым, адамдар қандай сын көзбен қарайды» - деген
қорқыныш сезімі. Яғни, ұнамай қалу үрейі. Бастысы бұл сіздің өміріңіз, барлық
шешім, барлық жауапкершілік өзіңізде. Сізге ұнайды ма, осы салада мықты болуға
тырысыңыз. Ал, орыс тілінде айтқанда «критик»
ол әрқашанда болады. Қандай шешім қабылданбасын, міндетті түрде үш түрлі
ойы бар қауым болады. Біріншісі сіздің ойыңызды құптап, сәттілік тілейді.
Екіншілері сізді тоқтатып, қарсы шығады. Үшіншісіне бәрібір, оларға не суық та,
не ыстықта емес. Сондықтан қоғамда міндетті түрде үш ой қалыптасады, маңыздысы
сіздің ойыңыз, сіздің көз қарасыңыз.
Бақытты өмір сүру үшін, қалаған
ісіңізбен айналысып, қорықпай өзіңіздің таңдауыңызға сеніп, тек алға нық
басыңыз!
Бақытты болыңыздар!
Комментариев нет:
Отправить комментарий