пятница, 4 апреля 2014 г.

Астанадағы өлі көктем

Астанаға көшіп келгелі 10 ай болыпты. Астананың қысын қыстап шығып, көктемді асыға күттім. Бірақ сонау наурыз мейрамына дейін қар аз-аз еріп, көктем деген аты болмаса, астанада сол баяғы қыс. Әңгімем, жанға кішкене болсада жылу өткізіп, алматымды есіме түсірген мына өтірік қызғалдақтар жайлы болмақ.


Қателеспесем, наурыздың бірінші күні. Күнделікті таң ертең жұмысқа барар жолда, көлік терезесінен көрінетін сол қайталанатын көрініс, сол үйлер, сол ғимараттар. Бірақ сол күні қызыл, сары қызғалдақпен көмкерілген шамдарды көргенде, қанбаған ұйқым тас ашылып, көңілім көтеріліп қалды.



Кейін күннен-күнге қала бойынша әр түрлі гүл мүсіндері орналастырылып, «міне, аз қалды, көктем келе жатыр» - дегендей, өтірік өлі көктем болса да,  жанда көктем сезімі ұялай бастады.



Осыған дейін астанада наурыз қалай тойланғанын білмеймін. Бірақ осы жылы наурыз мейрамын тойлағанына әбден ризамын. Әшейінде орыстың жаңа жылына шыршаны 1 желтоқсан әшекейлеп қойып, наурыз мейрамына аса көңіл бөлінбеуші еді. Осы жылы наурыз айының басынан бастап, қаланың бірнеше жерлерінен осындай киіз үй, асық ойнаған бала, алтыбақан, қобыз ойнаған қарт, дастархан басында жиналған жастардың мүсіндерін орналастырып қойды.





" «Астанада күн ұзақ, түн кеш батады» - деп, мақтанып жүруші едім, түнгі астана көрінісін суретке түсіру үшін, сағат 20:00-ге дейін күттік. Түнде суретке түсіріп үйренбеген, бұлыңғыр және анық болмаған суреттер үшін кешірім сұраймын. "

Күн батқанда да, күндіз байқаусыз қалған шамдар жанып, кешкі астанада қызғалдақтар жарқырап тұрады.






Ал мына бейне ше, басында мән бермей, кейін зейін қойып қарасам: «қысты шығарып салып, көктемді қарсы алайық» - деген мағынада ме кен, әдемі бейнелі шамдар жол бойында қаз қатарынан ілініп тұр.



Сонымен қатар, «Қызғалдақтың Отаны – Қазақстан!» екенін тағы жариялаған секілдіміз.

Қазақ елім гүлденсін!

Қазағым гүлденсін!


P/S: Суреттерді түсіруге көмектескен Олжасыма үлкен рахмет. 
Алматыға ғашық мен, астананы да бір күні сүйетін шығармын.

Комментариев нет:

Отправить комментарий