Астана қаласында сәуірдің 23-25 күндер аралығында «Astana Flora Expo» атты
көрме өтті. Үш күнде көрмеге қатысып, әр күн сайын өзіме табиғат әлемінің
сұлулығын жаңадан аштым. Көрмемен шабыттанған мен, сіздермен Ұлыбританияға барған сапарымда көрген керемет бақ туралы бөліспекшімін. Ол Sissinghurst бағы.
Кішкене тарих
Sissinghurst бағын 1930 жылы Вита Саквиль (Vita Sackville) жəне оның күйеуі Гарольд Николсон (Harold Nicolson) жасаған. Вита Саквиль жазушы əрі көгалдандырушы болғандықтан, бақша өсімдіктерін өзі таңдаған, ал Николсан бақшаның жобасын ойластырған. Олар бақшаны бөлмелерге ұқсатып бөліп, əр бөлмеге бір түсте гүлдейтін өсімдіктер еккен. Бөлме қабырғаларын тірі қоршау жəне күлгін түсті кірпіштермен бөліп, əр бөлмеге ат берген. Əр бөлменің өзіндік ерекшелігі бар. Бір бөлмеден, екінші бөлмеге кірген адам өзін басқа əлемде жүргендей сезінеді.
Кейіннен бақша мұра ретінде беріліп, кейін танымал лордтар өз меншігіне сатып алып, бақшаның көлемі алғашқысына қарағанда, көптеп үлкейеді. 1967 жылы «Ұлттық қор» меншігіне өткен. Бүгінде Sissinghurst бағын көру үшін дүниежүзінің түкпір-түкпірінен көптеген турист келеді.
Бақ менің көзіммен
Жоғарыда көрсетілген суретте - бақ ішіндегі бас ғимарат. Ғимараттың ең жоғарғы қабатына шығуға болады. Көне заманда салынғандықтан, лифт жоқ ))) Дегенмен, баспалдақтың саны да көп емес. Сондықтан біз ерінбей төбесіне шықтық. Сонда келесі көріністерді тамашалауға болады:
Суретте көрсетілгендей, бақ іші адамға толы. Әр қайсысы емін еркін, қалаған жерінде жүріп, демала алады. Бақ тарихында айтылғандай, бақты тірі қоршау арқылы бөлме сымақ бөліп қойған.
Тірі қоршау мысалдары:
Ағаштың өзін де қырқып, қоршау ретінде жасаған:
Бір бөлмеден басқа бөлмеге өту үшін гүлмен көмкерілген дәліздерден жүресің.
Бақшадағы өсімдік түрлілігі таң қалдырады. Оның барлығын сүретпен көрсету мүмкін емес. Дегенмен, фотода жақсы шыққан бірнеше түрлері және басқада бақшадағы көріністер:
Мына тұрған қыз мен )
Соңында айтқым келгені, жер көлемі бізден бірнеше есе кіші Ұлыбританияда 6000-нан астам бақ бар. Бұл елдің әр бос шаршы метрі көгалданған. Ал біздің еліміздің 4% ғана орман, тоғай. Көптеген
дамыған елдердегі ертегі әлемі іспетті көгалдандыру мәдениетін, жан-дүниеңнің
қалауын дәл табатын, көздің жауын алатын әр түрлі гүлдердің егілуін табиғат
әлеміне барынша бай Қазақстанның әр отбасы да өз ауласында көре алады деген сенімдемін.
P/S: соңғы өзім түскен суреттен басқасы өзімдікі. Суреттерді басқа мақалада жариялау үшін, автордың рұқсаты және суретке деген сілтеме қажет.
Керемет!
ОтветитьУдалитьАйтпа) Шіркін бізде де осындай бақтар көбейсе!
Удалить