8 жасымда 3
сыныпқа барғанымды білемін. Басқа не бітіргенім есімді жоқ. Бүгінгі пост 8
жаста өзінің бизнесін ашқан Мая Пенн жайлы болмақ.
Мая 3 жасында өзінің
алғаш кітабын шығарады. 4-ке келгенде әкесі компьтерді бұзып, қайтадан жинауды
үйретеді. Кейін Мая HTML, JavaScript және Python тілдерін үйреніп, өзінің
бірінші сайтын құрастырады. Кейін 8-де өзінің алғаш компаниясын ашады.
Қазір Мая 13-те,
оның тауарларын жер шарында бірнеше мемлекеттер сатып алады. Ал Мая бизнесінің
ерекшелігі, ол экологиялық тұрғыдан таза өнім шығарады. Ол өзінің бизнесіне
байланысты:
«Бизнес ашар алдында, мен екі затты нақты білдім. Біріншісі бизнес қоршаған ортаға зиян келтірмеуі керек. Екіншісі мен табысымның 10-20 пайызын қоршаған ортаны қорғау қорларына беріп тұрамын» – дейді.
«Бизнес ашар алдында, мен екі затты нақты білдім. Біріншісі бизнес қоршаған ортаға зиян келтірмеуі керек. Екіншісі мен табысымның 10-20 пайызын қоршаған ортаны қорғау қорларына беріп тұрамын» – дейді.
Басқа да таң
қаларлық жайттарды видеодан көре аласыздар.
Олжас екеуміз мынамен айналысайық, басқамен айналысайық деп жүргенімізге 1 жыл болып қалды.
Мына видеоны көргеннен кейін, сіздерге де біздерге де үдеу беріп, жұмысымыз
алға басатынына сенемін. Жүз ойланып, мың толғанбай, қорықпай іс тындыруға
кірісетін уақыт жеткен секілді.
Айта кеткім
келгені, жалпы бизнес ашпас бұрын, біздер көбіне табыстан басқа қағидаларды
ескереміз бе? Не қоршаған ортаны
қорғауда үлес қосуымыз маңызды екенін түсінеміз бе? Маядан еш кем болмай, ұрпақ
алдында қызармайтындай, игі істермен айналысуға шақырамын.
Комментариев нет:
Отправить комментарий