Қолөнерге
байланысты алдыңғы сабақта түтіктер дайындауды көрсеткем. Бүгін сол түтіктерден
гүлсауыт тоқу әдісімен бөліспекшімін. Гүлге су қажет болғандықтан, біз
күнделікті қолданатын кез келген бөтелкені алып, сыртын әшекейлейміз. Түтіктерден
қорап, түрлі сауыт, ыдыс аяқ және қиял жететін кез келген зат тоқуға болады (Мен
осы түтіктерден жиһаз тоқығанын көрдім). Тоқу түрі және әдістері де сәйкесінше
өте көп. Әдістердің бірі – спираль әдісі.
Бізге қажет
құрал-жабдықтар: ұнаған формадағы бөтелке, алдын ала дайындаған түтіктеріміз және
желім, қайшы.
"Мен анар шырынын
жақсы көрем, содан біздің үйде оның бөтелкелері көп. Биіктігі, жуандығы жағынан
гүлсауыт үшін сай келеді. Суретте газеттен және А4 ақ парағынан дайындалған түтікшелерді көрсеттім. Гүлсауыт тоқу үшін, мен газет түтікшелерін қолдандым. "
Басында, гүлсауыт
түбін тоқимыз. Ол үшін көлденең 3 және тігінен 2 түтікше алып, суретте
көрсетілгендей бір-бірінен өткіземіз. Кейін көлденең жатқан 3 түтікшенің
шеткісінен бастап, түп негізін айналдыра тоқи бастаймыз. Тоқу процесі: бір
түтікшенің үстінен өтсек, келесі түтікшенің астынан өтеміз және керісінше. Осылай
түбі, бөтелкенің түбімен бірдей болғанша жалғастырамыз. Түбін аяқтау үшін,
тоқып жатқан түтікшені алдыңғы тоқылған түтіктер арасынан өткізіп, желімдейміз.
Артық қалған түтікшені қиып тастауға болады.
Түтікшені ұзарту
барысы.
Мен гүлсауытты
спираль әдісімен тоқуды шештім. Ол үшін бізге жұмысшы 5 түтікше қажет болады.
Ал, гүлсауыт түбінде 9 түтікше бар. Сондықтан сіз артық 4 түтікшені түбіне желімдеп, артық
қалған бөлігін қиып тастауыңызға болады. Мен қалған 4 түтікшені қимай, арасынан
өткізіп тоқуды жөн көрдім. Ол үшін, мен барлық түтікшені суретте көрсетілгендей
жоғарыға көтердім. Кейін, арасына бір түтікше қалдырып, түбін тоқыған әдіспен,
түтік біткенше тоқыдым. Түтікше аяғын міндетті түрде желімдеу керек.
Ары қарай тоқу
бөтелке көмегімен тоқылады. Бірақ, сіздерге түсінікті болу үшін, тоқу басын
бөтелкесіз көрсеттім. Бізде жұмысшы 5 түтікше қалды. Бірінші түтікшені алып,
келесі түтікшені айналдыра қалдырамыз. Екінші түтікше дәл солай үшіншіні
айналдырады және т.с.с..
Бөтелке аузына
дейін тоқып біткен соң, қажетті деңгейде түтікшелерімізді желімдеп, артық
қалғанын қиып тастаймыз.
Спираль әдісі
арқылы бөтелке сыртын әшекейледік. Осымен гүлсауыт әлі дайын емес. Бізге
гүлсауыт сыртын қалаған түске бояп, сыртын лактау керек. Бірақ бұл қадамдармен
келесі сабақта бөлісемін.
Менмен
бірге болғандарыңызға рахмет!
Осындай әдемі
дүниелер жасап қызықсаңыз, блогыма жазылыңыз)))
Болашақта түрлі
әдістермен бөлісіп, қуантамын деген үміттемін!
Комментариев нет:
Отправить комментарий