пятница, 2 мая 2014 г.

Ақша жүйесі қажет емес

«Ақша деген не?», «Неге ақша жеткіліксіз?», «неге уақыт өте келе тауар бағасы қымбаттайды? (Инфляция)», «қағаз құндылығы төмен, егер қағаз ақша деп аталса құндылығы бірнешеге артады?» деген, және осыған ұқсас сұрақтарға бүгін жауап іздейміз. Әрине, мен ғылым кандидаты немесе өмір бойы ақшаны зерттеп келе жатқан адам емеспін. Дегенмен, көптеген ақылды ғана емес, дана адамдардың әңгімесінен, бірнеше оқылған кітаптармен ондаған деректі фильмнен кейін, қалыптасқан өзімнің көз қарасымен бөлісемін. Бұл ой маған бірінші түскен жоқ, бұл көз қарасты ұстанатын адамдар аз емес, қайталанатын дүние деп есептесеңізде, оқып шығуға тұрарлық ақпарат.


Жоғарыдағы сұрақтарға жауап қайтару үшін, ақша жүйесін ойлап тапқан мысал адам Байқалта туралы ертегі айтпақпын.

Ежелде адамдардың нағыз тауар алмасу орталығы базар болған. Белгілі бір зат өндіретін жанұя, өзінің қажеттілігін қанағаттандырған соң, артық өңделген затымен басқа жанұя өндірген заттарымен алмасып өмір сүріп келген. Ал біздің қазір аталатын үкімет қарамағындағы басты мәселе адамдардың қауіпсіздігімен, адам өзіне ұнамайтын жұмыспен айналыспауын ғана қадағалайтын.

Бірақ уақыт өте келе, зат алмасу қиынға соқты. Өйткені өңделген ыдыс аяқ үшін, қанша килограмм көкөніспен алмасу керек деген секілді сұрақтар көп туындай бастады. Сұраныс бар жерде ұсыныс табылады демекші, еңбекпен күн көріп шаршап, басқа амалын іздеген зергер Байқалта есімді кісі жаңа жүйе ойлап табады. Ол барлық тұрғынды жиналысқа шақырып, өз ойын айтып бастайды:

«Менде бұл мәселенің шешімі бар. Мен зергермін, түрлі металлдармен жұмыс атқарамын. Металл ішіндегі алтын болса, еш уақыт сарғаймайды да шірімейді де. Мен осы алтыннан кішігірім дөңгелектер жасаймын. Оны тиын деп атайық және осы тиындар арқылы заттардың құнын белгілейміз. Бұл тауар алмасудың ең қолайлы жағдайы болады» - деп ұсыныс жасайды. Бұл жүйеге байланысты қоғамда туындаған көптеген сұрақтарға Байқалта келесідей жауап қайтарады.
«Басқа алтын өңдейтін адамдардың алтынына қарағанда, мен тиынға қайталанбайтын белгі енгіземін. Белгісі бар тиындар үкімет тексерісінен өтеді. Алғашқы уақытта бәрімізді қамтамасыз ету үшін белгілі тиын санын дайындаймын. Әркім өзіне қажетті тиын санын менен келіп ала алады. Ал менің жұмысым ақталу үшін сіздер маған бір жылдан соң, тиындарды пайдаланған үшін 5 пайыз үстінен қосып бересіздер» -деп жауап береді.

100 тиын алған үшін, 5 тиын ғана төлеу керек екенін естіген жергілікті халық жаңа жүйенің орнығуына келісім береді. Алғашқы тиындар өңделіп болған соң, халық сеніңкіремей аз өлшемде тиындар алады. Бірақ уақыт өте келе, бұл жүйе барлығына ұнайды. Содан тауарды бағалайтын баға ұғымы пайда болады. Бәсекелестік салдарынан тауар бағасы ең тиімді мөлшерде қойылады. Бұл сатушыларға да, сатып алушыларға да тиімді болды. Халықтың әлеуметтік жағдайы көтеріле бастады.

1 жыл өткен соң, Байқалта тиындарды қайтара бастайды. Қағиданы орындап, 100 тиын алған кісі 105 тиын қайтарып береді. Басында өңделген тиын саны сол қалпы болғандықтан, кейбіреулері қағиданы орындаса, басқа жартысында басында алған тиын санының өзі шықпай қалды. Сонда адамдар қарыз екенін түсінеді. Енді келер жылы ары қарай саудасын жүргізу үшін, халық Байқалтадан қайтадан тиындар алады. Ал қарыз болған адамдар үшін, болашақта қарызды өтеу үшін, Байқалта үйді немесе басқа құнды затты кепілге алды. Қарыздан ешқашан құтыла алмайтынын қоғам түсінбеді. Егер барлық алған тиындарды қайтарғанның өзінде, сол 5 пайыз қай жағдай болмасын жетпейтінін Байқалтадан басқа ешкім түсінбеді.


Сонымен қатар Байқалта тиын саны көп адамдар үшін, тиынды сақтау мүмкіндігін ұсынды. Тиынын қалдырған адамға кепілі бар түбіртек қағаз берді. Өз кезегінде, кепілі бар түбіртектер үлкен саудалар үшін ыңғайлы болды. Осыдан адамдар тиындарын қайтадан Байқалтаға өткізіп, оның орнына түбіртек қағаз алатын болды. Содан тиынға деген қажеттілік күннен күнге кеми бастады. Құрметке ие болған Байқалта үшін бұл өте тиімді еді. Тиындарды алып кетуге келетін адам саны аз болғандықтан, Байқалта жаңа тиындар өңдеудің орнына, қоймасында тұрған тиындар үшін кепілі бар түбіртектер тарата бастайды.

Жаңа тиындар өңделмеді, бірақ Байқалта, қоймасында тұрған тиындар санынан бірнеше есе артық сомада түбіртектер таратып та үлгереді. Егер де қолындағы түбіртектері бар барлық адам келіп, алтын тиындарын талап етсе, Байқалта өтірігі шығып қалушы еді. Бірақ халық оны дана адам деп есептеді, оған қоса оның құрметі күннен-күнге тек қана өсті.

Байқалта өзге елдердің зергерлерін шақырып, өзінің ісімен бөлісіп, құпия ұйым құрады. Тиын құпиясы тек осы адамдар үшін белгілі болады. Ал шеттегі Байқалта өтірігін түсінген адам даусы басқалар үшін жеткізілмейтін.

Уақыт өте келе тауар алмасудың жаңа жүйесі енгізіледі. Адамдар әр қайсысы өзіне есепшот ашып бастайды. Ал тауар бағасын төлеу үшін сатып алушы өз есепшотынан, сатышу есепшотына қаражат аударады. Бұл процесс Байқалта үшін қиындыққа соқпады, оған қоса бұл жылдам еді.
    
Халық қарызы, Байқалта байлығына тура пропорционал өсе бастады. Қарызын өтеу үшін кей адамдар өздігінен түбіртектер жазып бастады. Бұл осалдықтан құтылу үшін, Байқалта барлық басу шығынын өзіне алып, үкіметке арнайы белгілері бар қағаз ақша шығаруын мойнына алуын ұсынады. Қағаз ақшаны өзімен алып жүруге ыңғайлы болғандықтан, халық бұл жаңалықты жақсы қабылдайды.

Барлық ақша айналымының 90 пайызы есепшот немесе ақша аудару арқылы жүзеге асты. Осы қадамда Байқалта жаңа жоспарды жүзеге асырды. Осы уақытқа дейін адамдар ақшаны сақтауға өз еркімен келсе, Байқалта осы жолы өткізген ақшасы үшін 3 пайыз үстінен қосып беруіне уәде береді. Осыдан көбісі пайда табу үшін ақшаларын Байқалтаға өткізеді. Осыдан Байқалтаның қоры көбейе түседі. Қорда ақша көбейген сайын, ол қарызғада ақша көбірек бере алушы еді. Оның негізгі мақсатымен оның әдістері туралы ешкім білмеп еді. Қордағы 100 тиын үшін құны 300 не 400 тиынға тең қағаз ақша берді. Кейде бұл шама 900-ге дейін жететін. Өйткені тәжірибеде көрсеткендей 10 адамның біреуі ғана қағаз ақшаны тиынға ауыстыратын. Халық Байқалтаның пайдасы 2 пайыз деп ойлағанымен, шындығында 42-82 пайызға дейін баратын. Байқалта және оның құпия ұйымындағы адамдар ауадан ақша жасайтын. 

Қарызды өтеу үшін, тауар өндірушілер тауар бағасын көтереді. Бұған жұмысшылар жалақысын көтеруді талап етеді. Ал кәсіпкерлер болса жалақыны көтерген жағдайда банкротқа ұшырайтынын жариялайды. Кедей адамдардың саны көбейе бастады. Үкімет алдында жұмыссыздық, әлеуметтік мәселелер туындайды. Мүмкіндігі төмен адамдарға көмек көрсету үшін, қарапайым жұмыс істейтін халықтан салық алу ұйғарылады. Өз кезегінде бұл халықтың наразылығын тудырады. Әр қайсысы салықты ұрлыққа теңестіргенімен, салық төлемеген үшін, бас бостандығынан айырылып қалуға қорықты.

Халықта балаларын оқытуға, дәрігерге қаралуға да мүмкіндігі болмады. Сондықтан бұл әлеуметтік жағдайларды шешу үкіметке жүгіді. Тегін оқу орындарын, емдеу орталықтарын ашу үшін, жинаған салық көлемі жетпеді. Сондықтан үкіметтің өзі Байқалтаға жүгініп қарызға ақша сұрады. Мұғалімдер, дәрігерлер үкіметке жұмысқа тұра бастады. Ай сайын жалақы алғанымен, адамдар уақыт еркіндігінен, ұнаған жұмыспен айналысудан айырылады. 

Жағдай күннен күнге тек нашарлайды. Шешім таппаған үкімет шешімді кұрметке ие Байқалтадан сұрайды. Сонда Байқалта жаңа ұсыныс жасайды: "байлардың санын көбейтпеу үшін, салықты жалақының мөлшеріне байланысты алу керек. Жалақысы жоғары болса, салықта жоғары, аз болса, салықта аз болсын. Кейін, сіздер маған ақша қарыз екендеріңізді ұмытпаңыздар. Мен сендерге жеңіл болу үшін қарыздың өзін емес, құр пайызды ғана төлеп тұруларыңызды талап етемін" - деп шығарып салады. 

Жаңа салық түрі енгізілгендіктен, тауар құны қайта көтеріледі. Жұмысшылар жалақыны көтеруді талап етеді. Сонда кәсіпкерлер жұмыс көзін механизмдерге ауыстыра бастайды. Жұмыссыздық саны артады. Мәселені шешу үшін үкімет жаңа тарифтер, талаптар ойластырады. Жағдай одан қатты өзгере  қоймайды. Жиналған барлық салық қарызды жаппақ түгіл Байқалтаға төлеу керек пайызға да жетіспеді. 

Халық тек кедейлене берді. Көтерілістер жиіле бастады. Бұл мәселені шешуге үкімет қайтадан Байқалтаға жүгінеді. Сонда Байқалта бір оқпен екі қоянды өлтіру үшін басқа елге соғыс ашуға ұсыныс береді. Бұл шешім халықты бір мақсатқа біріктіріп қана қоймай, басқа елдің байлығын жаулап алып, қарыздан құтылудың амалы екенін айтады. Өзі болса қару жарақтар зауаттарын ашып, жеңілген елге қарызға өз тауарын өткізеді. Байқалта өзінің әдістеріне көнбеген елдерді, соғыс арқылы қарызға батырып көндіретін. Әр түрлі ұйымдар құрастырып соғыстың ұзақ болуына әсер еткізді. 

Адамдарды әрі қарай өтірік алдау үшін, Байқалта барлық бұқаралық ақпараттың жартысын сатып алып өз жұмыстарын насихаттайтын. Ал шындықты біліп, қарсы шыққан адамдарды бірден басып отырды. 

Жағдайды қалайда жақсартқысы келген үкімет бұл шиеленістен шығу амалын таппады. Әлем билігі бірнеше адамның ғана қолында болды. 

Ақша басында тауар-ақша-тауар ретінде игі істер үшін ойлап табылғанымен, қазір ақша-ақша пайызы үшін ғана жұмыс істейді. 

Байқалта болса, өзінің әлемді жаулау жоспарын толығымен орындады десе де болады. 



Ертегі осымен бітті. Әрине мысал ретінде болғанымен, шындыққа қатты жанасады. 

Қарыз циклінен шығып, қазір жаңа жүйенің енуі ауадай қажет. Сәл тақырыптан ауытқысақ та, келесі жайтты айтпай кете алмаймын. 

Бірінші қадам, доллардан құтылу
Ертегіде Байқалта ақшаны ауадан жасады демекші, қазір айналымда жүрген барлық доллар ауамен тепе-тең. Бұл құпиямен дана кісі бөлісті(есімін жазбағаным дұрыс). Ол мәселе келесідей. 

Жалпы ақша ұғымын қалай түсінеміз? Ертегіде айтылғандай кез келген қағаз ақшаны, сомасына байланысты белгілі бір мөлшерде алтын массасына алмасытыруға болады. Мемлекет байлығы да алтынға байланысты есептеледі. Яғни мемлекетте бар алтын мөлшерінен, ақша мөлшері артпау керек. 

Енді тарихқа үңілсек. 
1929-1939 жылдар аралығы көптеген елдерге дағдарыс жылдары болды. Бұл уақыт  "Ұлы күйзеліс" (Great Depression) деп аталды. Дағдарыс АҚШ-ты айналып өтпеді. Нарық толып, көптеген үлкен зауыттар банкротқа ұшырап, бос тұрды. 
1939 жылдан сонау 1945 жылға дейін барлығымызға белгілі екінші дүние жүзілік соғыс өтті. Соғыс басталған құрлықтан, алыс тұрған АҚШ үшін бұл өте тиімді еді. Бос зауыттарының барлығын қару жарақтар шығаруға дағдыландырады. Қару жарақтарды соғысқа қатысқан мемлекеттерге алтынға алмастырады. АҚШ өзінің экономикасын дұрыстап алады. Соғыс біткенде көптеген елдер кедейленеді. Ал алтынның үлкен бөлігі АҚШ-та. Сонда АҚШ басқа елдер басшыларын жинап, долларды дүниежүзілік валюта болуын ұсынады(Bretton Woods system). Және кез келген доллар үшін алтынды кепілдікке қояды. Бұған барлық ел басшылары көнеді. 
Жылдар өтеді. Кейін 1971 жылы АҚШ Президенті басында берген уәдеден бас тартады. Яғни, қағаз долларды алтынға алмастыра алмайсың. АҚШ бізді Байқалта секілді қажет болса ақша басып шығара берді, шығара берді. 
Бұл қауіпті сезген еуропа, өзінің ортақ валютасын (еуро) шығарады. Олар долларды максималды түрде қолданбауға тырысады. Бұны сезген қытайда өз валютасын дамытып жатыр. АҚШ болса долларын көбейте береді, көбейте береді. Ол қағаз ақшалардың негізінде құндылығы жоқ. Бос ауа. 
Қазіргі АҚШтың қарызын сілтеме арқылы өтіп, білуге болады: АҚШ қарызы

Девальвациядан соң көбісі жинап-тергендерін долларға ауыстырды. Бірақ доллардан алшақ болу керек. 

Не болса да, бай қуатты болайық!

1 комментарий: