Қазақстан
тұрғындары демалыста жер көріп, демалу мақсатында жиі баратын үш елі:
Туркей (жылына шамамен 200 000 адам), Біріккен Араб Әмірлігі
(30 000-ға жуық) және Тайланд (15000-ға жуық). Бізде көпшілікке қосылып
осы жылы демалуға БАӘ бардық. Бірнеше бөлімнен тұратын бұл мақаламда, БАӘ үш
әмірлігі, мемлекет артықшылықтары мен кемшіліктері, мәдениеті, БАӘ тұру құны
және т.б. қызықты мәліметтерден тұрмақ.
Осыдан жарты
ғасыр бұрын электр тоғы не екенін білмей, інжу тастарын сатумен және түйе өсірумен
ғана айналысқан құм адамдарының, қазір экономикасы дамыған елдер қатарында,
өздерін жер кіндігі деп атайтындай жағдайға жеткені таң қалдырады. Әлемдегі ең
үлкен әуежай, ең биік ғимарат, пальма жасанды аралдары, ең биік сфералық
ғимарат, ең көлбеу тұрған ғимарат және т.с.с басқада дүние ғажайыптары осында.
Интернеттен алынған сурет |
"Бурдж-Халифа" әлемдегі ең биік ғимарат, биіктігі 828 метр |
Пальма жасанды аралдары, интернеттен алынған сурет |
Дубай әмірлігі |
Дубай әмірлігі |
Шейх Заид мешіті, ең әдемі мешіттердің бірі |
Егер сіз
БАӘ-гінің азаматы болсаңыз, дүниеге келген балаңыз үшін банктен есепшот ашылып,
оған 40 000 АҚШ доллары түседі, мектеп,
емхана барлығы тегін, оқимын деген жас
дүниежүзіндегі қалаған жоғарғы оқу орнын таңдай алады, ал оқу ақысын
мемлекет өзі төлейді. Ол аз ба, егер 18 ге дейін ба 22 жасқа дейін ба (нақты
жасы есімде жоқ) жанұя құрған жастарға, 2 не 3 қабатты жер үй сыйға тартылады.
Оған қоса, егер
басқа ұлт өкілі БАӘ жерінде бизнес ашып, жұмыс жүргізгісі келсе, ол міндетті
түрде серіктестікке БАӘ азаматын қосу керек. Ал БАӘ азаматы өз кезегінде
пайданың қанша пайызын өз қоржынына салуды, өзі шешеді. Бірақ қазір заң басқа
ұлт азаматтарына біршама жұмсарды.
Соңғы екі абзацтан
кейін, БАӘ көшіп, сол елдің азаматтығын алуды ойласаңыз, асықпаңыз. БАӘ
азаматтығын арабтан туған араб қана ала алады. Көп әйел алу дәстүрі бойынша,
арабқа күйеуге шыққан басқа ұлт өкілінің өзіне, некеге тұрғанына 15 жыл өткен
соң ғана, азаматтыққа құжаттар тапсыра алады.
БАӘ соңғы халық
санағы бойынша 5 миллионға жуық адам тұрады, оның 11% ғана жоғарыда айтқан
арабтар. Қалған 89% жұмыс мақсатымен келген басқа ұлт өкілдері. Мемлекетте
ғимараттар салынып, туристтер көп келетіндіктен басқа ұлт өкілдері
құрылыс, қызмет көрсету салаларында істейді. Оның ішінде көбісі Мысыр,
Пәкістан, Үндістан азаматтары. Жұмыс
визасы 2 жылға беріледі. Жұмыстан шығып қалып, басқа жұмысқа орналаса алмаған
кісі 1 айда мемлекеттен кетуі шарт.
Біз Шарджа әмірлігінде тұрдық. Шарджада басқа
әмірліктерге қарағанда заң қатаң. Әмірлік жерінде ішімдік ішуге тыйым салынған.
Ішімдік сатылмайды, ішімдік тасымалдаудың өзі қылмыс болып есептеледі. Шарджа маған өзінің мешіттерімен жадымда
сақталып қалды. Әрбір 100-150 метр сайын кішігірім мешіт, ал бірнеше шақырым сайын үлкен, әдемі көмкерілген мешіттерді
көруге болады.
Шарджа енді-енді туризм саласын дамытуда. Сондықтан
әмірлік бойынша экскурсия саны көп емес. Дегенмен екі қабатты автобуспен қала
ішін аралауға болады. Билет ақысы 85 дирхам немесе шамамен 4250 тенге. Билет бірінші рет автобусқа кіргеннен 24 сағат
жарамды. Кіргенде сізге құлаққап (наушник аудармасы) береді. Оның көмегімен қала туралы ақпаратты 5 түрлі
тілде тыңдауға болады. Сонымен қатар сізді сумен қамтамасыз етеді.
Барлығы 17 аялдама бар. Автобусқа кіргенде сізге әр аялдамада тоқтайтын уақыт кестесін береді. Қалаған аялдамаңыздан түсіп, келесі автобус келгенше дейін сол жергілікті аймақта қыдыруға болады.
БАӘ әмірліктер ішінде Шарджа әмірлігінің шайқында (шейх) ғана жоғарғы білімі болған. Сондықтан болар Шарджада мұражайлар, театр сымақ орталықтар, оқу орындары басқа әмірліктерге қарағанда көп. Сонымен қатар демалыс орны да аз емес.
Мемлекет маңындағы шығанақта кездесетін балықтары бар океанариумы бар. Үлкен болмаса, ішінде қызықты балықтар саны көп.
БАӘ туралы басқа да қызықты мәліметтерді келесі мақаламда атап өтемін.
Барлығы 17 аялдама бар. Автобусқа кіргенде сізге әр аялдамада тоқтайтын уақыт кестесін береді. Қалаған аялдамаңыздан түсіп, келесі автобус келгенше дейін сол жергілікті аймақта қыдыруға болады.
БАӘ әмірліктер ішінде Шарджа әмірлігінің шайқында (шейх) ғана жоғарғы білімі болған. Сондықтан болар Шарджада мұражайлар, театр сымақ орталықтар, оқу орындары басқа әмірліктерге қарағанда көп. Сонымен қатар демалыс орны да аз емес.
Мемлекет маңындағы шығанақта кездесетін балықтары бар океанариумы бар. Үлкен болмаса, ішінде қызықты балықтар саны көп.
Атын білмейді екенмін, бірақ суретті жарияламау қиынға соқты |
БАӘ туралы басқа да қызықты мәліметтерді келесі мақаламда атап өтемін.
Комментариев нет:
Отправить комментарий