Астана қаласында сәуірдің 23-25 күндер аралығында «Astana Flora Expo» атты
көрме өтті. Үш күнде көрмеге қатысып, әр күн сайын өзіме табиғат әлемінің
сұлулығын жаңадан аштым. Көрмемен шабыттанған мен, сіздермен Ұлыбританияға барған сапарымда көрген керемет бақ туралы бөліспекшімін. Ол Sissinghurst бағы.
пятница, 25 апреля 2014 г.
пятница, 18 апреля 2014 г.
Анасының омырауын еміп өскен бала...
Дүниеге ең алғаш
шыр етіп келгенде, ең алғашқы азығымыз ана сүті. Ана сүтінің қасиетін біздің ата-бабаларымыз әу бастан жақсы білген. Сондықтан ананың сүті мол, әрі
қою болу үшін бар жағдай жасалынатын. Ана сүтінде
нәрестенің болашақта денсаулығы мықты болуына және интеллектуалды жетілуіне
қажетті барлық дәрумендер бар. Таңқаларлық жайт, ана сүті нәресте ағзасы жетілуіне қарай құрамы өзгереді. Ол негізгі
3 қадамнан тұрады. Ас қорыту жүйесі дамымаған нәрестеге алғашқы күндері уыз
беріледі. Босанған әйелде бұл қадам 4-5 тәулікке созылады. Келесі қадам, сүтке ауысар алдындағы кезеңде сәбиге
қажетті су мөлшері көбейеді, бұл 14-15 тәулікке созылады. Соңғы қадамда сүт
толыққанды жетіліп, құрамында қажетті май, көмірсу, дәрумендер және басқа да қажетті
элементтер болады.
вторник, 8 апреля 2014 г.
Түтіктерден гүлсауыт тоқу: спираль әдісі
Қолөнерге
байланысты алдыңғы сабақта түтіктер дайындауды көрсеткем. Бүгін сол түтіктерден
гүлсауыт тоқу әдісімен бөліспекшімін. Гүлге су қажет болғандықтан, біз
күнделікті қолданатын кез келген бөтелкені алып, сыртын әшекейлейміз. Түтіктерден
қорап, түрлі сауыт, ыдыс аяқ және қиял жететін кез келген зат тоқуға болады (Мен
осы түтіктерден жиһаз тоқығанын көрдім). Тоқу түрі және әдістері де сәйкесінше
өте көп. Әдістердің бірі – спираль әдісі.
Негатив көңілді жеңудің 7 жолы
«Жүйке қайта қалпына
келмейді» демекші, біздің көңіл күйіміздің денсаулыққа деген әсері туралы ойланамыз
ба? Әрине, ерте ма, кеш па біз ренжиміз, ашуланамыз, күйзелеміз, қырсығамыз
немесе көңілсіз күйде боламыз. Бұл өз кезегінде бас ауруына, жүрек ауруына және
ерте қартаюға алып келеді. Сондықтан көңілсіз күйге төтеп бере алайық.
пятница, 4 апреля 2014 г.
Астанадағы өлі көктем
Астанаға көшіп
келгелі 10 ай болыпты. Астананың қысын қыстап шығып, көктемді асыға күттім.
Бірақ сонау наурыз мейрамына дейін қар аз-аз еріп, көктем деген аты болмаса,
астанада сол баяғы қыс. Әңгімем, жанға кішкене болсада жылу өткізіп, алматымды
есіме түсірген мына өтірік қызғалдақтар жайлы болмақ.
четверг, 3 апреля 2014 г.
8 жаста бизнес?
8 жасымда 3
сыныпқа барғанымды білемін. Басқа не бітіргенім есімді жоқ. Бүгінгі пост 8
жаста өзінің бизнесін ашқан Мая Пенн жайлы болмақ.
среда, 2 апреля 2014 г.
Менің жұмысым – менің хоббиім, менің хоббиім – менің жұмысым
«Өмірде бірде-бір күн жұмыс
істегің келмесе, өзің қалаған жұмыспен айналыс»
(Выбери себе работу по душе, и тебе не придется работать ни одного дня в своей жизни) деп Конфуций атамыз айтпақшы, біз
жан қалаған іспен айналысып жүрміз бе?
Подписаться на:
Сообщения (Atom)