четверг, 27 марта 2014 г.

Наурыз мейрамының аяқталуы



Міне, еліміздің басты мерекесі «Наурыз мейрамын» атап өттік.  Осыған орай әр облыс, әр қала, әр аудан бар күшін салып дайындалды десек, өтірік болмас.  Концерттік бағдарлама ұйымдастырып, киіз үйлер тұрғызып, қазақ ұлттық киімін киген адамдар көздің жауын алды.
Шыны керек, біз наурыз мейрамын үйде жанұямен, туыс адамдармен қарсы алып, алаңда өткен мерекелік бағдарламаға қатысып үлгере алмадық. Сондықтан сіздерге мейрам соңы, жиналу барысының суреттерімен бөліспекпін. 


суббота, 22 марта 2014 г.

Наурыздың сәні – Наурыз көже




Наурыз көктемнің бірінші айы. Қыстың суығы кетіп, қар еріп, оянудың, жаңарудың, жылулықтың белгісі. «Наурыз» парсы тілінен аударғанда «нау»-жаңа, «рыз»-күн деген мағынаны білдіреді. Сондықтан наурыз тек жыл басы емес, жаңа күннің басы болып есептеледі. Бұл мерекеде реніш, өкініштің барлығы кешіріліп, жақын адамдар кездесіп, бір-біріне қонаққа барып, тілек білдіріп, дастарханның басында жиналып,  барлығы мәз-мейрам болады. Ал дастарханның басты тамағы – наурыз көже.

 
Сурет интернет торынан алынды

среда, 12 марта 2014 г.

Ашық киінуден гөрі, сымбатты киінейік


Әр адамның өзінің ойына құқығы бар. Бұл мақаланы жаза отырып, мен өзімнің ойыммен бөліскім келгенін ескерте кетемін. Ренжіту, кемсіту мақсатым жоқ.
«Қызға қырық жерден тыйым» демекші, қыздарымыздың қазіргі кездегі киіну үлгісі туралы айтқым келеді. Жақында таң ертең жұмысқа барар алдында аялдамадан өтіп бара жатып, қақаған таңның суығында (астанада ауа-райы өтеееее суық) жұқа «колготки»,  қысқа тон киіп тұрған қызды көріп, 7 қабат киінген өзім мұздап кеттім. Қазір ойлап қарасам, өзінің денсаулығын, тәрбиесін, ата-ананың намысын елемей, бірінші орынға сәнді көрінуін маңызды деп тапқан. 



понедельник, 3 марта 2014 г.

Уақытты бағалай білейік



Өмірдегі ең маңызды, ең бағалы, ең қымбат ресурс – УАҚЫТ.

Жұмыстағы ұжым жасың нешеде деп сұрағанда, 22-де екенімді біліп, «Оо, әлі бүкіл өмірің алда екен ғой» деп жауап қайтаратын.  Маған байланысты ғана емес, адамдар өзіне байланысты «өмірім әлі алда, кейін істеймін» деп айтқан үлкен қателік. Менің ойымды, келесі сурет ашық көрсетеді.