Қазіргі уақытта білім
жүйесіне үлкен көңіл аудару керек екендігі айдан анық. Болашақ – біздің ұрпақ
қолында. Ал балаларға дұрыс тәрбие беру біздің міндетіміз. Уақыт өте келе
қарқынды дамып келе жатқан дүниеде, білім жүйесін де дамыту қажеттілігі
туындауда. Өкінішке орай, біз ұзаққа артта қалып қалғанбыз.
"Білім жүйесінің кемшіліктері туралы Киосакидің «Если хочешь быт богатым, Не ходи в школу» атты кітабында жақсы айтылған"
Мақала мектеп мұғалімі
Джон Хантер туралы болмақ. Ол өзінің сабағын үйреншікті кітап, дәптерлер
көмегімен емес, ойын ретінде өткізеді. Джон ойлап тапқан «Әлемдегі бейбітшілік»
деп аталатын ойында: мемлекеттер, оның экономикалық,
экологиялық мәселелері және оны басқаратын президент, министрлер және басқада
маңызды тұлғалар, жайттар бар. Ойын мақсаты - берілген 50 әлемдік деңгейдегі
мәселені шешу. Ойында ересек адамдар шеше алмайтын кей мәселелер шешімін 8-10
жасар балалар іздейді. Джонның ойынша
бұл балалардың шешім қабылдау қабілетін,
критикалық және шығармашылық ойлау
қабілетін дамытады.
Толық ақпарат төмендегі TED
видеосында: